Биыл фотокөрмеге келушілер белгілі жапон фотографы Шигеру Йошида түсірген «Ертеңгі күнге көпір» көрмесін тамашалап жүр. Көрмеде оның үш циклдан тұратын «Бір минут. Дұға үшін шекара», «Теңіз дуалы», «Фукусимадан жолдау» атты жұмыстары көрсетілген. Айтқандай, осынау туындыларының дүниеге келуіне 20 мыңнан астам адамның өмірін қиған АЭС апаты түрткі болған.
Төрт мемлекетті қамтитын, 2011 жылдан бері Алматы, Ташкент, Бішкек қалаларында өткізіліп келе жатқан «Жапон күзі» жобасына жыл сайын Жапония, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің белгілі музыканттары, фотосуретшілері мен өнер қайраткерлері де атсалысады.
Жоба Жапониямен бірге осы фестивальды қолдайтын мемлекеттердің дәстүрлі әрі заманауи өнерін насихаттап, халықтар арасындағы мәдени байланысты нығайтуды да көздейді.
«Мен талай адамның өмірін жалмаған теңізге қарап отырып, дұға жасап отырған жандарды көрдім. Бұл көрініс маған «Бір минут. Дұға үшін шекара» фотокөрмесін дайындауға шабыт берді. Фотолар арқылы мен дұғаның тылсым қуатын жеткізуге тырыстым», дейді Шигеру Йошида.
АЛМАТЫ