Ауа райы • 14 Қараша, 2022

Қар, боран, жаңбыр: Бүгінгі ауа райы болжамы

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 қарашада Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте қар аралас жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қар, боран, жаңбыр: Бүгінгі ауа райы болжамы

Сондай-ақ ел аумағында көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтілуде, елдің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде екпіні 30 м/с жел соғады.

Синоптиктердің хабарлауынша, Павлодардың оңтүстігінде, Қарағандының солтүстігінде, Түркістанның таулы асуларында, Ақмоланың шығысында, күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында, оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 30 м/с немесе одан да күшейеді деп күтілуде.

Ұлытаудың солтүстігінде, Қарағандыда, Қостанайдың шығысында, батыста, Ақмоланың солтүстігінде, Түркістан облыстарының таулы аймақтарында қар аралас жауын-шашын күтіледі.