Қоғам • 14 Қараша, 2022

Сот мені тек ақтауы мүмкін - Бақытгүл Хаменова

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға сот шешіміне дейінгі соңғы сөз берілді. Бүгін Атырау қаласының №2 сотында сотталушы Хаменова сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот мені тек ақтауы мүмкін - Бақытгүл Хаменова

«Мен бұл қылмыстық оқиғаға қатысқан жоқпын. Заңға сәйкес сот мені тек ақтауы мүмкін», деді Хаменова сот алдында.

Еске салайық, Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға бір топ адамнан алдын ала сөз байласу арқылы пара алды деген айып тағылған еді. Осы бап бойынша облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев те қамауға алынған.

Ал үшінші сотталушы «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға ірі мөлшерде пара берді деп айыпталды.

2021 жылғы 11 желтоқсанда Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталғаны туралы белгілі болды.

2021 жылдың 12 желтоқсанында Хаменова үй қамағына алынды. Сот оның «жалғызбасты әйел» екенін, екі баланы тәрбиелеп отырғанын, олардың бірі бала кезінен мүгедек екенін, асырауында қарт анасы барын ескерді.

2021 жылдың 23 желтоқсанында Хаменова тергеу изоляторына ауыстырылды.