Ауа райы • 14 Қараша, 2022

Елімізде 20 градусқа дейін аяз болады

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде 20 градусқа дейін аяз болады

Елімізде жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

«Республиканың ауа-райына әлі де Атлантикалық циклон өз әсерін тигізеді. Елдің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша бұрқасын, көктайғақ, тұман, қатты екпінді жел (15-28 м/с) сақталады, 15 қарашада Қарағанды және Жамбыл облыстарында 30 м/с және одан да аса қатты жел күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Апта соңында Солтүстік-батыс антициклонының енуімен жауын-шашын тоқтайды. Соның есебінен температура фоны төмендейді деп күтілуде. Ауа температурасы түнде солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталықта 10-20 градус аязға дейін, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыста 2-10 градус аяз, таулы аймақтарда 10-15 градусқа дейін төмендейді.