Жиынға қатысқандар сыбайлас жемқорлықтың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсерін, осы құбылысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі шетелдік тәжірибені талқылады.
Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінің (CPI) халықаралық рейтингісінде Қазақстан 2021 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің 180 елінің арасында 102-ші орында тұр.
Мейрам Қажыкен парақорлықтың, лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін асыра пайдаланудың алдын алуға қатысты мәселелерді бүкпесіз жеткізіп, нақты заңдар мен ережелер қуатты болмаса құқықтық мемлекет құру мүмкін емес екенін айтты.
«Жемқорлықты жою үшін қатаң заңдар қажет және олар өз күшінде орындалуы керек. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері әр адамның сана-сезіміне, мәдениетіне байланысты. Халыққа есеп беретін мықты әрі ашық азаматтық қоғам қажет. Яғни мықты азаматтық қоғам, тәуелсіз кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы және басқа да көптеген ұйымдардың күші бірігуі керек. Сонда адамдар мемлекеттің келісімшарттарын, бюджетті, жер учаскелерін бөлу секілді әрекеттерін бақылай алады», деді М.Қажыкен.