Әлем • 15 Қараша, 2022

Түркі мемлекеттері ұйымы жол картасын талқылады

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанның Са­­мар­­­қанд қала­сын­да өткен Түр­­кі мемлекеттері ұйымының то­ғы­зын­шы сам­ми­тін­де жол картасы саналатын ма­ңызды бір­қатар құжатқа қол қойды.

Түркі мемлекеттері ұйымы жол картасын талқылады

Ұйымға мүше Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттерінің басшылары Самарқандтағы «Мәңгілік қала» орталығында бас қосты. Қол қойылған құжаттарда Самарқанд декларациясы, ұйымның 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы, мүше мемлекеттер арасындағы көлік саласындағы ынты­мақтастық, жеңілдетілген кедендік дәліздерді құру және сауда стратегиялары туралы келісімдер бар.

Сондай-ақ Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттама, Түркі мемлекеттері ұйымы жарғысын бекіту, ұйымның бас хатшысы мен көмекшілерін, Түркі академиясы төрағасы мен төраға орынбасарын тағайындау туралы шешім қабылданды. Түркі инвестициялық қорын ашуға келісті.

Бұған дейін Түркі кеңесі немесе Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі – өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастықты тереңдету мақ­са­тында жұмыс істейтін тәуелсіз түркі елдерінен тұратын халықаралық ұйым болды.