Әлем • 15 Қараша, 2022

Тоқаев цифрландыру орталығын құруды ұсынды

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымы бас­шы­ларының саммитінде Astana Hub халықаралық технопаркінің базасында Цифр­­­ландыру орталығын құруды ұсынды.

Тоқаев цифрландыру орталығын құруды ұсынды

«Қазіргі геосаяси жағдайда елдер технология жағынан бір-бірінен оқшауланып барады. Сондықтан түркі елдерінің IT саласындағы соңғы жаңалықтарына жіті назар аудару керек. Бұл біздің цифрлық дамуымызға жол ашады», деді Қ.Тоқаев.

Қазақстан Президенті таяуда Астанада «Digital Bridge» атты халықаралық іс-шара өткенін, онда ІТ саласында жұмыс істейтін креативті жас­тар озық идеяларын ұсынғанын жеткізді. «Мем­ле­­кет­те­ріміздің IT хабтары арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды. Осы ретте мен Астана хаб халықаралық технопаркі негізінде Түркі мемлекеттері ұйымының цифр­ландыру орталығын құруды ұсынамын. Бұл құрылым сауда, көлік, су ресурстары, ақпараттық қауіпсіздік және басқа да салаларға қажетті цифрлық шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді», деді Қ.Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50