Аймақтар • 14 Қараша, 2022

Айрықша аялдама

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында ерекше аялдама пайдалануға берілді. Сыр құтқарушыларының бұл креативті жобасы қалалықтарды қуантып отыр.

Айрықша аялдама

Қызылорда облысы Тө­тенше жағдайлар депар­таменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұ­мыстары қызметі» маман­дарының хабарлауынша, аялдамадан көпшілік өзіне керекті ақпарат та таба алады. Сондай-ақ мұнда қауіпсіздік ережелерімен танысуға да мүмкіндік туып отыр. Жастар үшін құт­­­қарушы мен өрт сөн­ді­­руші мамандығын мең­геру, азаматтық қорғау қыз­­­метіне жолдама алу­дың жолдары жайлы мәлі­мет те бар.

М.Саламатов көшесінің аялдама орналасқан тұсы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне жа­қын. Таяқ тастам жерде өрт сөндіру кезінде опат болған ержүрек өрт сөн­­дірушілерге арналған «Отқа оранған өрендер» атты ескерткіш тұр.

Айрықша аялдаманы қызықтаушылар көп. Біраз жұрт оның жанында суретке түсіп, мәре-сәре болып жатыр.

 

ҚЫЗЫЛОРДА