Аймақтар • 15 Қараша, 2022

Оралда газ тапшылығы байқалды

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Орал қаласының жанармай құю бекеттерінде кезек пайда болғаны байқалды. Тіпті, кейбір бекеттерде газ тек талондар бойынша шығарылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда газ тапшылығы байқалды

«2 қарашадағы жағдай бойынша газ толтыру станцияларындағы қалдықтар 180 тоннаны құрайды. Бекітілген жоспар шеңберінде облыстың ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу 3438 тоннаны құрайды. Алайда, 26 қазанда «АМӨЗ» ЖШС Энергетика министрлігін қараша айында газ өндірісін төмендету жоспарланып отырғаны туралы хабардар еткен. Осыған байланысты түпкілікті сатып алушылар үшін жеткізу жоспары шеңберіндегі көлем 35%-ға біркелкі төмендейтін болады», деп түсіндірді БҚО энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Миржан Нұртазиев.

Қараша айында БҚО-ға 2235 тонна жеткізу жоспарлануда.

«8 қарашада «АМӨЗ» ЖШС 7-14 қараша аралығында технологиялық қондырғыларға жөндеу жүргізілетіні туралы хабардар етті», деп қосты М. Нұртазиев.

Оның айтуынша, Энергетика министрлігі «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-мен бірлесіп, 504 тонна көлемінде қосымша газ бөлді.

Осыған ұқсас жағдай бұрын Атырау жанармай құю бекеттерінде де байқалған еді.