Қаза тапқандардың жалпы санының 107-сі немесе 43%-ы мас күйінде болған.
2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрт саны 2,2%-ға, қаза тапқандар саны 18,6%-ға, жарақаттанғандар саны 40,8%-ға төмендеген.
«Адамдардың жарақаттануы мен қаза болу фактілерін болдырмау, сондай-ақ өрттен болған нұқсанды барынша азайту мақсатында ТЖМ биіктігі 10 қабатқа дейінгі тұрғын үйлерді өрт сигнализациясы қондырғыларымен жабдықтау, сондай-ақ барлық газдандырылған үй-жайлардың газдануын талдауыштармен жарақтандыру жөніндегі талаптардың міндеттілігі бөлігінде тиісті өзгерістер енгізді. Бүгінде өрттің алдын алу және жою жұмыстарына қазіргі заманғы технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда. Жылу, энергиямен қамтамасыз ету объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ТЖМ-ның ерекше бақылауында», деді Төтенше жағдайлар министрі Ю.В.Ильин.
Биылғы шілде-тамыз айларында қауіптің жоғары дәрежесіне жатқызылған 845 объектінің өртке қарсы жай-күйіне тексеру жүргізілген.
Айта кетейік, 611 объектіде 3 379 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу деректері анықталып, 196 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған.