Экономика • 15 Қараша, 2022

Тау кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі төмендеді

638 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров еліміздің тау-кен өнеркәсібіндегі көрсеткіштер төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тау кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі төмендеді

«Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 1%-ға төмендеді. Салалар бөлінісінде өндіріс тау-кен өндіру өнеркәсібінде қызмет көрсетуде - 17,8%-ға, көмір өндіруде - 1,6%-ға, металл кендерін өндіруде - 0,6%-ға ұлғайды», деді Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, газ өндіру көрсеткіштері - 1,5%-ға, мұнай өндіру - 2,5%-ға және басқа да пайдалы қазбаларды өндіру көлемі 9,9%-ға төмендеген.

Бұған дейін Әлібек Қуантыров 2022 жылы экономикалық көрсеткіштердің 2,5%-ға өскенін хабарлаған еді. Оның ішінде нақты сектордағы өсім 2,8%-ды, ал қызмет көрсету саласында - 1,6%-ды құрады.