АСТАНА. 29 мамыр. Еуразиялық интеграция арқылы мәдени байланыстар нығайып, білім мен ғылымдағы озық жетістіктер ортаға салынады. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұстаздары мен студенттері осындай пікірде. Бұл туралы «24kz» хабарлады.
Ахмет Яcсауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті бүгінде еліміздің іргелі оқу орындарының біріне айналған. Мұнда қазір 10 мыңнан астам студент білім алуда. Олардың ішінде елімізден бөлек, Ресей Федерациясының Татарстан, Башқұртстан, Тыва, Хакасия, Саха секілді елдерінен де жастар бар.
Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Уәлихан Әбдібеков: «Еуразиялық интеграция арқылы мәдени байланыстар да нығайып, білім мен ғылымдағы озық жетістіктер ортаға салынады», – деді.
А.Ясауи атындағы ХҚТУ жастар ұйымының төрағасы Бағлан Ермаханов: «Кез-келген елмен тең дәрежелі байланысқа түсе алатынымызды көрсете аламыз. Интеграцияның басты мақсаты – халықтардың әлеуметін жақсарту, экономикасын көтеру. Соның арқасында білім-ғылым саласы, басқа бағыттар да өз деңгейіне көтеріледі деген сенім бар», – деді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «24kz».
Фото: ontustyk.gov.kz.
• 29 Мамыр, 2014
Еуразиялық интеграция білім мен ғылымның дамуына жол ашады

Қоғам • Кеше
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Кеше
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Кеше