Аймақтар • 15 Қараша, 2022

Қызылорданың екі тұрғынынан есірткі тәркіленді

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласының екі тұрғынынан 9 келі есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорданың екі тұрғынынан есірткі тәркіленді

сурет: polisia.kz

11 қарашада «Рефлекс» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылорда облысы ІІД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі саудасымен айналысып жүрген 65 және 40 жастағы қала тұрғындарын ұстады. 

Полицейлер күдіктілердің тұрғылықты жерін тексеру барысында 9,1 келі есірткі анықтады. Оның 4,3 келісі гашиш, 4,8 келісі кептірілген марихуана болып шықты.

Сонымен қатар айғақ ретінде есірткіні өлшейтін электронды таразылар алынды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.