АСТАНА. 29 мамыр. Оңтүстік Қазақстан облысында Еуразиялық экономикалық одақты құру жөніндегі шартқа қол қойылғаннан кейін көптеген жобалар пайда болады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Қазір қоғамымызда Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шарт бекітілгеннен кейін тауар өндірушіге қойылатын талаптар регламенттеледі, әріптес мемлекеттер арасында тауар айналымы, өндіріс көлемі артады деген мазмұндағы пікірлер айтылуда. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Жеңісбек Дулатов: «Еуразиялық экономикалық одақ ауқымында бірқатар жобалар жүзеге асырылады. Мәселен, біздің облыс үшін Мәскеуде оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлердің қатысуымен логистикалық орталық құрылысы басталмақ. Қазір Ресейге жеміс-жидек, көкөніс және ет өнімдерін жеткізу мәселесі пысықталуда», – деді. Жеңісбек Дулатовтың айтуынша, аталған одақтық құрылуы үш елдің тұтыну нарығын қалыптастырады. 170 млн. адамдық нарық – бұл біздің ұлттық нарықтан 10 есе көп деген сөз. Тағы бір көретін пайдамыз – өндірілетін өнімдердің сапасы, жаңа технологиялар трансферті, өндірісті жаңарту жақсарады», – деді. Оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлердің пікірінше, еліміз бәсекеге қабілетті. Қазақстан кәсіпкерлері жақсы қорғалған, өздерінің мәселелерін Үкіметке дейін жеткізе алады. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: palata.kz.
Экономика • 29 Мамыр, 2014
Оңтүстікқазақстандықтар Еуразиялық экономикалық одақтан жақсылықтар күтеді
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше