29 Мамыр, 2014

Еуразиялық одақ туралы келісім негізгі төрт бөліктен тұрады

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

000-evrazia-6

АСТАНА. 29 мамыр. Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім 4 бөліктен тұрады. Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлімдеді. «Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім 4 бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі институционалдық немесе құрылтайлық бөлігі болып табылады. Екіншісі – Кеден одағы, яғни ортақ кеңістік ішіндегі тауарлардың еркін қозғалысы негізіне айналған келісімдер. Үшінші бөлігі Бірыңғай экономикалық кеңістік болып табылады. Бұған капиталдардың және жұмыс күшінің еркін қозғалысы жатады. Төртіншісі – қорытынды өтпелі тәртіптер», - деді Т.Жақсылықов. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: BNews.kz. Фото: agencyrating.kz.