Жиынға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қаржы, Ұлттық экономика министрлігі мен «Самұрық-Қазына» қорының өкілдері қатысты.
Жиынға қатысушылар 2025 жылға дейінгі халық табысын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру, сондай-ақ қор компаниялары тобындағы жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын арттыруды көздейтін бизнес-жоспарларды қалыптастыру жолдарын талқылады.
Талқылауды қорытындылай келе Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берді.