Бітімгерлік дайындық орталығының бастығы, полковник Бауыржан Нығметуллин Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің құрылу тарихы мен атқаратын қызметінің басты бағыттары туралы айтып берді.
Дипломаттар сондай-ақ оқу бағдарламаларымен, соның ішінде БҰҰ-ның бітімгерлік миссиялары шеңберінде тілдерді қарқынды даярлау және бейбіт тұрғындарды қорғау курстарымен танысты.
Кездесу барысында тараптар бітімгерлік қызметтегі гендерлік аспектілерді талқылады. Канада – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Әйелдер. Әлем. Қауіпсіздік» 1325 Резолюциясын белсенді қозғаған ел. Биыл маусым айында Канада Елшілігінің қолдауымен Астана мен Нью-Йорктегі «БҰҰ – әйелдер» құрылымымен бірлесіп, осы тақырып төңірегінде курс өткізді.
Кездесу соңында Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Алан Хэмсон қазақстандық тарапқа жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді.