Бұған дейін жер қойнауын пайдаланушылар қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге лицензия алу үшін өтініштерді беру және қарау қағидаларына сәйкес құжаттарды қағаз форматта тапсырған болатын.
Ендігі кезекте жер қойнауын пайдаланушылар үшін аталған платформа арқылы қолданыстағы қағаз нұсқасына балама ретінде электрондық нысанда өтініш беру мүмкіндігі пайда болады.
Сондай-ақ пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму (miid.gov.kz), Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің сайттарында (mdai.gov.kz) «Minerals.gov.kz» платформасымен жұмыс істеуге арналған тиісті нұсқаулық әзірленді.