29 Мамыр, 2014

Еуразиялық экономикалық одақтың қазір құрылуына не себеп?

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29-05-14-baibek-1

АСТАНА. 29 мамыр. Еуразиялық экономикалық одақ неге дәл қазір құрылып жатыр? Аталмыш сұраққа «Нұр Отан» партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары Бауыржан Байбек Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетiнiң қабырғасында өткен профессорлық-оқытушылық құраммен және студенттермен кездесуi барысында жауап берді. Осыны хабарлаған BNews.kz тілшісі партия төрағасы орынбасарының сөздерінен біршама дәйектеме келтіреді. «Еуразиялық ықпалдастық идеясын тұңғыш рет 1994 жылы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан болатын. Елбасының стратегиялық бастамасы 20 жыл бойы кезең-кезеңмен, 2000 жылы Еуразиялық экономикалық қауымдастық, 2010 жылы Кедендік одақ және 2012 жылы – Бірыңғай экономикалыұ кеңістік құру жолымен жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі таңда еуразиялық ықпалдасу жаңа меженің – ЕАЭО құрудың алдында тұр», - деді Б.Байбек. «Бірыңғай экономикалық кеңістік тең дәрежедегі бәсекелестік үшін алғышарт жасады. Тұтынушылық сұраныс арттып, өндіріс өсімі ынталандырылды. Мәселен, Кеден одағына мүше елдердің барлығы Бүкіләлемдік банктің бизнесті жүргізу жағдайына байланысты рейтінгінде елеулі көтерілді. 2011-2014 жыл аралығында Қазақстан 9 сатыға көтерілді. Бұл тұста Қазақстанның мұхитқа шыға алмайтындығын ескерген жөн. Ішкіматериктік мемлекет болсақ та, бізде алға жылжу бар. Мұхитқа шыға алмайтындықтан біз бәсекелестікке қабілеттіліктің бірнеше позициясы бойынша төмен түсеміз», - деген қорытынды жасады партия жетекшілерінің бірі. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: BNews.kz. Фото: agencyrating.kz.