АСТАНА. 29 мамыр. Біз экономикалық одақ аясында өнеркәсіптік кооперацияларды да дамыта беретін боламыз. Алдағы уақытта еліміздің ірі бірлескен өндірістер құруына және өндірістік-кооперациялық тізбекті дамытуына жағдай жасалады. Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев осылай деді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, болашақта Еуразиялық экономикалық одақ біздің ірі кәсіпорындарымызға халықаралық нарықта әлемдік өндірісшілермен бәсекеге түсуге мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ, ол: «Қазақстанның 2016 жылға қарай халықаралық қағидаттарға негізделген ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету есебінің жаңа әдістемесін әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізгенін де атап өтпекпін. Қазақстан негізгі өткізу нарығынан шалғай жатқан және теңіз порттарына тікелей шыға алмайтын ел болып табылады. Осыған орай қазақстандық экспорттаушылардың әріптес елдердің көлік инфрақұрылымдарына қолжетімділігіне жол ашу біз үшін өте маңызды», – деді.
Бұдан бөлек, Үкімет басшысының бірінші орынбасары Еуразиялық экономикалық одақ көліктік шығындарды қысқартуға, соған сәйкес қазақстандық өнімдердің үшінші елдер нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасайтынын жеткізді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: nurotan.kz.
• 29 Мамыр, 2014
Еуразиялық интеграция шеңберінде өнеркәсіптік кооперациялар да дамиды

Қоғам • Кеше
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Кеше
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Кеше