Президент • 16 Қараша, 2022

Алматы өзінің «жасыл қала» мәртебесін күшейтуі тиіс - Президент

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2030 жылға дейін Алматыда 2,5 миллион ағаш отырғызылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала жұртышылығымен өткен жиында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы өзінің «жасыл қала» мәртебесін күшейтуі тиіс - Президент

Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы жылдары Алматының жасыл қала ретіндегі беделі төмендеді. Бұл ретте 2030 жылға дейін қалада 2,5 миллион ағаш отырғызу жоспарлануда.

«Алматыда ауа мен қоршаған орта сапасын жақсартудың тағы бір маңызды факторы көгалдандыру болып табылады. Алматы әрқашан өзінің жасылымен танымал болған. Бірақ соңғы жылдары оның жасыл қала ретіндегі беделі төмендеді. Біз шетелге барамыз және Алматыға қарағанда жасыл және таза қалалар бар екенін көреміз. Онда шамамен 4 миллион ағаш бар, бірақ кейбір аудандарда олар жеткіліксіз. Сонымен қатар қаладағы жасыл кеңістіктер мен ағаштардың 10%-дан астамы жаңартуды қажет етеді. 2030 жылға дейін Алматыда 2,5 миллион ағаш отырғызылады. Бұл өте үлкен көлем. Ең бастысы, көгалдандыру суармалы судың қол жетімділігі мен қала жоспарын ескере отырып, мағыналы және біркелкі жүргізілуі керек», деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жалпы, Алматыда 136 саябақ бар. Бүгінде олардың санын көбейту және абаттандыру бойынша дәйекті жұмыс жүргізілуде. Президенттің айтуынша, қала басшылығы мұнымен тоқтап қалмауы керек.

«Алматы өзінің «жасыл қала» мәртебесін күшейтуі тиіс. Бұл тек қаланың ғана емес, бүкіл елдің беделіне қатысты мәселе», деп қосты Мемлекет басшысы.