29 Мамыр, 2014

Еуразиялық экономикалық одақ көлеміндегі ортақ нарық ел әлеуетін көтеруге тиімді

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
energya02АСТАНА. 29 мамыр. Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев 2019 жылға қарай интеграция­лау жолымен ортақ электр энергиясы нарығын құру жоспарланып отырғанын жеткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бақытжан Сағынтаев: «Ортақ электр энергиясы нарығын Қазақстан, Ресей және Беларусь электр энер­гия­ларының ұлттық нарықтарын интеграция­лау жолымен 2019 жылға қарай құру жоспарда бар. Ортақ электр энергиясы нарығын сатылап құру шеңберінде ортақ электр энергиясын құру тұжырымдамасы мен бағдарламасы әзірленіп, оларды мемлекет басшылары деңгейінде Жоғары эконо­ми­калық кеңес бекітетін болады», – деді. Оның айтуынша, бұл тұжырымдамалар мен бағдар­ламалар бекітілгеннен кейін мүше-мем­лекеттер ортақ электр энергиясы нарығын құру туралы (2019 жылдың 1 шілде­сі­не дейін) халықаралық келісім-шартқа қол қояды. Жолдыбай Базар. Дереккөз: egemen.kz. Фото: ortcom.kz.
Соңғы жаңалықтар