Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары барысында мегаполис жұртшылығымен кездесу өткізді. Жиын барысында Президент қаңтар айында қалада жаппай тәртіпсіздік пен қастаңдық ұйымдастырған қарақшылар лайықты жазаға тартылатынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Уақыт – емші» дейді халқымыз. Қасіретті күндер алыстаған сайын біртіндеп көмескі тарта беретіні анық. Қарулы топтардың қалай ойран салғаны да естен шығуы мүмкін. Бірақ, біз ел ішіне жік салғысы келетін арандатушылардың жетегінде кетпеуіміз керек. Көшеге шығып, бұзақылық жасаған адамдарды дәріптеп, қолдан қаһарман жасауға болмайды. Қастаңдық ұйымдастырған қарақшылардың қылмысын ақтауға жол берілмейді. Олардың бәрі лайықты жазасын алады», деді Президент.
Сөзін жалғай келе, Мемлекет басшысы қаңтар айындағы қаралы күндерде қайтыс болған адамдардың отбасыларына тағы да көңіл айтты.
«Осы тұста қылмыскерлердің қолшоқпары болған, арандап қалған жандар да бар. Мен ауыр қылмыс жасамаған осындай азаматтарға кешіріммен қараған жөн деп шештім. Осыған орай, Рақымшылық туралы заң қабылданды. Бұл – адамгершілік тұрғыдан дұрыс қадам. Өйткені, кешірім – ізгіліктің белгісі. Қажетті заңдық рәсімдер кейін рақымшылық жасалған адамдар босатылып, отбасына оралады. Бұдан былай мұндай қасірет қайталанбайды деп сенемін. Сол үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Қайғылы күндерде қаза болған жандардың жақындарына тағы да көңіл айтамын», деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл ретте Президент қиын сәттерде Отанына адал болған құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне алғысын білдірді.
«Сын сағатта антқа адал болған құқық қорғау және күштік құрылымдардың қызметкерлерін ерекше атап өткім келеді. Қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруге қала тұрғындары да атсалысты. Осындай жанашыр азаматтардың бәріне ризашылығымды білдіремін. «Қаңтар қасіреті» бізге сынақ қана емес, үлкен сабақ болды. Тыныштық пен тұрақтылықтың қадірін жұртымыз жете түсінді. Ал, қоғамға іріткі салуды көздеген қарақшылардың, лаңкестердің мақсаты орындалған жоқ. Керісінше, халқымыздың бірлігі нығая түсті. Ұйысып, жан-жақты жаңғыру жолына қадам басты», деп түйіндеді Мемлекет басшысы.
«Астана» ел чемпионатында «Каспийді» жеңді
Спорт • Кеше
Шымкенттің кей аумақтарын су басуы мүмкін
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Саяси науқанға – тиянақты әзірлік
Сайлау • Кеше
Пікір • Кеше
Пікір • Кеше
Парламент сайлауы – саяси реформалардың жалғасы
Сайлау • Кеше
Экономика • Кеше
Ауыл • Кеше
Аймақтар • Кеше
Сырдың күріші – сыртқы нарықта
Экономика • Кеше
Екібастұздың жағдайы оңалар емес
Аймақтар • Кеше
Саналы ұрпаққа арналған ұлттық жоба
Білім • Кеше
Жалғас – бастауыш сынып мұғалімі
Білім • Кеше
Саперлер кәсіби шеберлігін жетілдірді
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Әннің түпнұсқа аты – «Қаракөз»
Тарих • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Кино • Кеше
Өнер • Кеше
Спорт • Кеше
Экотуризмге – айрықша көзқарас
Туризм • Кеше
Қысқы спорт • Кеше
Түсімнің көзі – туристік жарна
Туризм • Кеше
Бокс • Кеше
Рыбакина тағы да шеберлігін мойындатты
Теннис • Кеше
Бүйректегі тасты алудың жаңа тәсілі
Медицина • Кеше
Жәдігер • Кеше
Балғын қаламгерлер бағалы сыйлық алды
Аймақтар • Кеше
Теннис • Кеше
Спорт • Кеше
Хоккей • Кеше
Екібастұздағы ЖЭО-да сегіз қазандық жаңғыртылады
Аймақтар • Кеше
Бірқатар өңірде тұман түсуіне байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар