Қоғам • 16 Қараша, 2022

Мүгедектік бойынша 364 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша 364 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мүгедектік бойынша 364 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

Осылайша, 2022 жылғы қазан айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 28,3 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 8,4 млрд теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 530,8 мың, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 171,7 мың адамға жетті.

«Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адам санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады», делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта мүгедектігі бойынша төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 53 364 теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін жәрдемақы – 48 877 теңгені құрады.