Қазақстан • 17 Қараша, 2022

Қазақстанда PlayStation жүйесі қашан қалпына келеді ?

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қазақстандықтардың PlayStation желісіне қолжетімділік мәселесін шешу үшін Sony компаниясының өкілдерімен тұрақты жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда PlayStation жүйесі қашан қалпына келеді ?

Қазақстандағы «PlayStation» пайдаланушылары PlayStation Network есептік жазбасына кіру кезінде қиындықтар туындайды, сондай-ақ Қазақстандық банк карталары мен төлем жүйелері арқылы интернет-дүкенде ойындарды төлей алмайды.

«Министрлік Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігімен және Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігімен бірлесіп, қолжетімді ету мәселесін талқылау мақсатында Sony Interactive Entertainment өкілдерімен тұрақты жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ PlayStation Network шотына Қазақстандық банктік карталары мен төлем жүйелері арқылы төлемдерді жүзеге асыру мәселелері талқылануда», делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік мамыр айында Америка Құрама Штаттары мен Жапониядағы елшіліктер Sony Enteractive Entertainment-пен кездесу ұйымдастыруды қарастырып жатқанын хабарлаған еді. Осыған орай, министрлік мәселені одан әрі зерделеу үшін жоғарыда аталған ұйымдардан жауап күтуде.

Еске салайық, наурыз айында Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин PlayStation цифрлық сервистерінің қазақстандық пайдаланушыларының мәселелерін шешуді тапсырған еді.

Айта кетейік, 2022 жылдың наурыз айынан бастап, Ресейде Sony Interactive Entertainment өз жұмысын тоқтатқан. Соның нәтижесінде қазақстандықтар да өз PS Store дүкеніне кіру мүмкіндігінен айырылды. Қазақстан PlayStation жүйесінде болмағандықтан, олар Ресей арқылы тіркелген.