Қоғам • 17 Қараша, 2022

Шымкентте жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтеді

473 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Шымкентте жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтеді. Мегаполистегі 20 ірі құрылыс компаниясы бір алаңға жиналып, ең тиімді бағада пәтер ұсынуға дайын. Сондай-ақ алғаш келген қонақтарға арнайы сый әзірленген.

Шымкентте жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтеді

Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне тек шымкенттіктер ғана емес, Қазақстанның кез келген қаласының азаматтары қатысып, тиімді бағада баспана алуына болады. «Отбасы банк» ұйымдастырып отырған 4-ші жәрмеңке 18 қараша күні сағат 09:00-ден 20:00 аралығында өтеді. Іс-шараға мегаполис әкімінің орынбасары, тұрғын үй басқармасының өкілдері, банк қызметкерлері мен құрылыс компанияларының басшылары қатысады. Жәрмеңкеге келушілер барлық сауалдарына жауап ала отырып, өздеріне қажетті пәтерді таңдай алады. Әрі сол күні несие рәсімдеп, баспана сатып ала алады.

«Біз барлық азаматтарды жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз.  Іс-шара барысында «Отбасы банк» салымшылары құрылыс компанияларының тұрғын үй нысандарымен танысып, пәтерлерді орналасқан мекенжайына қарап таңдай алады.  Сондай-ақ келушілер банк қызметкерлерінен кеңес алып, есепшотында жинаған қаражатына сай небәрі 15 минуттың ішінде несиеге алдын-ала мақұлдау алуларына болады», дейді «Отбасы банк» АҚ Шымкент қалалық филиал директорының орынбасары Еркін Ақыншаев.

Ауқымды шарада 20-дан астам құрылыс компаниялары өздерінің су жаңа және алдағы уақытта салынатын үйлерін таныстырады. Атап айтсақ олар: BI Group, Базис-А, OKS, Батсу, Kanfar, Orda Invest, Отаu Group, Art Kurylys, СПК Шымкент, Эристайл, Capital City, Altyn Land, Feb group, Ердам, South company, 01 kz bulding және Дамдес компаниялары.

шұ

Сонымен қатар құрылысшылар жәрмеңкеге келушілерге жаңа салынған тұрғын үйлер мен коммерциялық жылжымайтын мүлік туралы ақпарат береді. Ал банк қызметкерлері  сатып алу жолдары туралы айтып, несие төлемі бойынша есептеулер жасап, қолайлы тұрғын үй таңдауға көмектеседі. «Отбасы банк» АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Дәурен Саудабаевтың айтуынша, салымшылар банк арқылы қолжетімді бағада аз мөлшерлемемен заем рәсімдей алады.

«Шымкент тұрғындары пәтер сатып алу мақсатымен жыл басынан бері 27 мыңнан астам жаңа салым ашты. Отбасы банкінің жинақтаушы шоттарына деген мұндай сұраныс заем бойынша мөлшерлеменің қолжетімділігіне байланысты. Депозитте бастапқы жарнаға қаражат жинақтай отырып, тұрғын үй сатып алу үшін 3,5%-дан 11,5%-ға дейінгі мөлшерлемемен әрі қарай кредит алу мүмкіндігі бар. Жалпы биылғы жылы Шымкенттегі Отбасы банк филиалында 3 621 адам тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатымен заем алды. Яғни, күн сайын 11 адам қолжетімді кредит рәсімдеп, армандаған баспанасына қол жеткізіп отыр деген сөз», деді «Отбасы банк» АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев.

Жалпы «Отбасы банк» - еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына  және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банктің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

ш

«Егер банктен есепшот ашпаған болсаңыз, қам жемеңіз. Тұрғын үйге қаражат жинауды бүгіннен бастауға болады. Ол үшін тек жеке куәлігіңіз болса жеткілікті. Есепшот ашудың онлайн екі тәсілі бар. Атап айтсақ, банктің ресми сайтындағы бейне қоңырау қызметі және «Otbasybank» мобильді қосымшасы арқылы немесе күні ертең жәрмеңкеге қатысып, банк қызметкерлерінің көмегімен біздің салымшы бола аласыз», дейді филиал директоры Дәурен Саудабаев.

Сондай-ақ жәрмеңкеге алғаш келген 30 адамға Отбасы банк пен құрылыс компаниялары тарапынан түрлі сыйлықтар беріледі. Әрі баспана таңдап, заем рәсімдеген қала тұрғындарына компания өкілдері жеңілдіктер мен бонустар ұсынбақ.  Сондықтан 18 қараша күні, сағат 09:00 мен 20:00 аралығында Шымкент қаласы, Нұрсәт шағынауданы, Н.Назарбаев даңғылынды орналасқан «Көрме» орталығында өтетін жәрмеңкеге келіңіз. Құрылыс компаниялары мен «Отбасы банкінің» жеңілдіктерін тиімді пайдаланып, баспаналы болыңыз!

рн

 

Мөлдір ИБАДУЛЛАЕВА