Экология • 17 Қараша, 2022

Экологияға ерекше жанашырлық

346 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен «Еуразиялық Топ» ЖШС басқарма төрағасы Серік Шахажанов экологиялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында бірлескен Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экологияға ерекше жанашырлық

ERG құрамындағы «Қазхром» компаниясы өзінің жауапкершілігі мен әлеуметтік бағдарлы компания екенін паш ете отырып, 2023-2027 жылдар аралығында қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асыруға ниетті екенін мәлімдеді.

Компания міндеттемелер аясында Ақтөбе ферроқорытпа зауытының бірінші және екінші цехтарында қатты бөлшектерді 99% тиімді тазалайтын газ тазарту құрылғыларын орнатуға, кәсіпорынның ішкі қажеттіліктері үшін электр энергиясын өндіру мақсатында қайта өңдеу электр станциясын салу арқылы №4 балқыту цехының ферроқорытпа газын толықтай кәдеге жаратуға, санитарлық-қорғау аймағында 100 мыңнан астам көшет егуге, ферроқорытпа өндірісінде өндірілетін кенді толықтай қайта өңдеуге ниетті.

Өңір басшысы Ералы Тоғжанов Еуразиялық Топ басшылығымен жасасқан келіссөздің нәтижесімен бөлісті

«Қазақстанда алғаш рет ірі компания өндірілетін кенді толықтай қайта өңдеуге бет бұрып жатыр. Бұл ел экономикасының өсуі, қосымша жұмыс орындары ашылып, компания мен еліміздің мүмкіндіктері артады деген сөз. Меморандум тармақтарын іске асыруға мүдделілік танытқаны үшін ERG-ге бөлек алғыс айтамын. «Қазхром» компаниясының біздің өңірге ықпалы зор. Сіздерге қарап қалған кәсіпорындар үлгі алатынына күмәнім жоқ», деді Ералы Тоғжанов.  

льБұл ретте «Еуразиялық Топ» ЖШС басқарма төрағасы Серік Шахажанов компанияның басты мақсатын атады.

«Бүгін біз Ақтөбе облысы әкімдігімен экологиялық меморандумға қол қоямыз. Бұл қадам өндірістің экологиялық жағынан тазалығын және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мәселесі  Топ үшін қаншалықты маңызды әрі өзекті екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.  Кәсіпорындарымыз ондаған жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқанынан қарамастан, біздің мақсатымыз – цехтарды жаңғырту, қоршаған ортаға жүктемені азайту және қалдықсыз өндіріске көшу», деді «Еуразиялық Топ» ЖШС басқарма төрағасы Серік Шахажанов.

Ақтөбе ферроқорытпа зауытына автоматтандырылған бақылау жүйесін қондыру және басқа да шаралар жоспарланған. Меморандум шараларын іске асыру ERG кәсіпорындарына әлемдік нормативтерге сәйкес болуға мүмкіндік береді.

ш

Ақтөбе облысының әкімдігі тарапынан жанжақты қолдау көрсетіледі, себебі өндірістік қызметтің аймақтағы қоршаған ортаға антропогендік әсерін азайтуға бағытталған шараларды жүзеге асыру өңір тұрғындары үшін аса маңызды.

Айта кетсек, «Қазхром» компаниясы ERG-дің Экологиялық стратегиясы аясында жұмыс істейді, қоршаған ортаға әсерді төмендетуге бағытталған ауқымды жобаларды тұрақты іске асырып келеді.

Мәселен, санитарлық-қорғау аймағында автоматтандырылған бақылау жүйесін орнату жобасын Ақтөбеде алғаш болып Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мен Дөң тау-кен байыту комбинаты жүзеге асырған. Инвестицияның жалпы көлемі 500 млн теңге. Қазіргі күні мәлімет ERG серверіне түседі, құзырлы мекемелер деректерді жалпыға қолжетімді дереккөзге тарату мәселесін пысықтап жатыр.

Бұдан бөлек, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының кәсіпорын іске қосылғаннан бері жұмыс істеп келе жатқан №1 және №2 балқыту цехтарын жаңғыртудың алғашқы нәтижелері де көріне бастады. «Қазхром» ТҰК» АҚ даму стратегиясын қайта қарай келе, 600 адам жұмыс істейтін ескі балқыту цехтарын жаппай, мұның орнына газтазарту жүйесін жаңарту арқылы оларды қайта құруды ұйғарған. Осылайша, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 1943 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ең алғашқы пеші – әйгілі «Комсомолка» бірінші болып жетілдірілді.    

«Қазхром» қалдықтарды өңдеу тұрғысында сыртқы мекемелердің қызметінен 2020 жылдан бері бас тартты. Құрамына «Қазхром» кіретін ERG-де жаңа ERG Recycling компаниясы құрылды. Ол кәсіпорынның өндіріс қалдықтарымен байланысты қызметтер тобын орындауға маманданған. Жылына 200 мың тонна тұрақтандырылған және қыртысталған қож қайта өңделеді. 2019 жылы басталған Ақтөбе ферроқорытпа зауыты тазартылған феррохромының қордаланған қождарын қайта өңдеу бойынша стратегиялық міндеттерін орындауды жалғастырып келеді. 2019 жылы – 50 мың тонна, 2020 жылы – 100 мың тоннаны қайта өңдеу мақсаты сәтті жүзеге асырылды. 2021 жылы қосымша 150 мың тонна қож қайта өңделді. ERG Recycling 2025 жылға дейін жылдық көлемді 500 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр.

Бұдан өзге, компания жас буынның экологиялық көзқарасын қалыптастыру шараларын жүзеге асырып келеді. Ақтөбе мен Хромтауда «Жасыл мектеп» жобасы, пластик өнімдерімен күреске бағытталған «Пакет, кет» акциясы өткізіледі. Компания Ақтөбеде үйсіз жүрген жануарларды тегін зарарсыздандыруды қаржыландырады, сондай-ақ компанияда үшінші жыл қатарынан қоқыстарды бөлек жинау жобасы орындалып келеді.  

г