Аймақтар • 17 Қараша, 2022

Маңғыстау тұрғындарынан 14 келіге жуық бекіре балығы тәркіленді

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 қарашада Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері екі тұрғыннан 14 келіге жуық бекіре балығын тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау тұрғындарынан 14 келіге жуық бекіре балығы тәркіленді

15 қараша күні «Браконьер» жедел-іздестіру іс-шарасы барысында жергілікті полиция қызметкерлері Ақтау қаласындағы базарлардың бірінен жалпы салмағы 14 келіге жуық болатын 9 бекіре тұқымдас балық тәркіледі. 52 жастағы азаматша мен 40 жастағы азамат жауапкершілікке тартылады.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-да тіркелген. Тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.