Аймақтар • 18 Қараша, 2022

Алматыдағы «Бақорда» сауда орталығында өрт шықты

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы «Бақорда» СО ауданында тұрған құрылыс материалдарын сататын сауда нүктелері өртеніп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы «Бақорда» сауда орталығында өрт шықты

Желіде өрт болған жерде түсірілген видео пайда болды.

ТЖД мәліметтері бойынша, 18 қарашада сағат 13:56-да өрт сөндірушілер Ысты көшесі, 46/2А мекенжайы бойынша өрт туралы хабарламаға шықты.

«Бес минут ішінде жалпы ауданы 80 шаршы метр болатын бутиктердегі жалын локализацияланды. 14:25-те өрт толығымен жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады ТЖД.

И