Әдебиет • 18 Қараша, 2022

Абайдың «Қара сөздері» норвег тіліне аударылды

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы  Ұлттық академиялық кітапханада  норвегиялық ғалым, Ослодағы бейбітшілікті зерттеу институтының (Prio) профессоры, Абай Құнанбайұлы «Қара сөздерінің» норвег тіліндегі аудармасының редакторы Осхильд Кюлостың қатысуымен дөңгелек үстел өтті  деп жазады Egemen.kz

Абайдың «Қара сөздері» норвег тіліне аударылды

Кездесуді Ұлттық академиялық кітапхана  Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды. 

Аталған кездесуге мемлекет және қоғам қайраткерлері мен әдебиеттанушы ғалымдар қатысты. Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» норвег тіліне тұңғыш рет аударылып жарық көріп отыр. Норвег тілінде шыққан бұл кітапқа Хакім Абайдың өмір жолы толық қамтылып берілген. 

Абайды өз тілінде сөйлеткен  Осхильд Кюлос, философ ретінде ғана емес, сонымен бірге этносаясатқа, сынды бірнеше саланы қамтыған маман иесі. Сонымен қатар Осхильд Кюлос «Sirkel Forlag» баспасының бас редакторы.   

Ғалым Осхильд Кюлостың пайымындауынша,  Абай ұлттық деңгейден әлде қайда жоғары көтерілген, тұтас адамзатқа ортақ ойшыл.  «Қара сөздері» әлеуметтік сыншылдығымен қатар экзистенциялды мәселелерді терең қаузауымен еуропалық оқырмандардың да назарын аударып отыр.   

Баспагер Осхильд Кюлос өз сөзінде кітаптың норвег тіліне аударылу барысында Абайдың терең философиялық ойларын аудару тым қиынға соққанын, алдағы уақытта қазақ ғалымдарымен бірлесе отырып бұл кітаптың сапасын тағы да жетілдіре түсу жоспары бар екенін айтты.