Сайлау • 20 Қараша, 2022

Ерлан Қошанов кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерлан Қошанов кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді

Спикер өз даусын Астанадағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №110 сайлау учаскесінде берді.

– Біз барлық өңірді аралап келдік. Халықтың көңіл-күйін көрдік. Сайлауға деген қызығушылығы жоғары. Мемлекетіміздің болашағы осы сайлауға байланысты екенін түсінеді. Сондықтан бүгін сайлау учаскелеріне дауыс берушілер өте көп келеді деп ойлаймын. Мен еліміздің болашағы, тұрақты дамуы үшін дауыс бердім, – деді Е.Қошанов.

Айта кетейік, бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр.