Сайлау • 20 Қараша, 2022

Сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға жақсы жағдай жасалған – шетелдік байқаушы

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбритания парламенті Қауымдар палатасының жоғары саяси кеңесшісі Реза Табризи мен Манчестер қалалық мэриясының қызметкері Абид Чохан Халықаралық байқаушыларға арналған қолғабыс көрсету орталығындағы брифингке қатысты, деп жазады Egemen.kz

Сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға жақсы жағдай жасалған – шетелдік байқаушы

Олардың айтуынша, әзірше өздері аралаған сайлау учаскелерінде ешқандай бұзушылықтар байқалмаған.

«Қазақстанға алғаш рет келіп отырған жоқпын. 2019 жылғы сайлауға шетелдік байқаушы ретінде қатысқан едім. Сол жолы мұндағы сайлау процесінің ашықтығына көз жеткізгенбіз. Бұл жолы да бәрі ойдағыдай болады деген сенімдемін. Таңертеңнен бері бірнеше сайлау учаскесіне бардым. Сайлаушылардың белсенділігі жақсы. Әрине, әр елдегі сайлау әртүрлі өтеді. Ең бастысы саяси дода ашық әрі әділ өтсе – сенімнің ақталғаны», деді Реза Табризи.

Шетелдік байқаушы әлі бірнеше сайлау учаскесіне баруды жоспарлап отырғанын айтты.

«Әрине, бірнеше учаскеге барып, жалпы саяси додаға баға бере алмаймыз. Сондықтан сайлау аяқталғанға дейін жұмыс істейміз. Астана сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға жақсы жағдай жасалған. Осыны бөле-жара атап өткім келеді», деді Реза Табризи.

Таңертеңнен бері Астанадағы бірнеше сайлау учаскесіне барған Абид Чохан жастардың белсенділігі төмен екенін жеткізді.

«Таңдау жасауға келген тұрғындардың қатары көп. Алайда олардың ішінде жастардың үлесі аз секілді. Жастар – елдің болашағы. Сондықтан оларды маңызды іс-шараларға барынша тарту керек. Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын. Бұл мемлекет маған ұнады. Бұйыртса, келер жылғы сайлауға да қатыссам деген ниет бар», деді Абид Чохан.