Өз таңдауын бірінші болып ҚР ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Рүстем Ақбалин және жедел мақсаттағы 2 ротаның мерзімді қызмет сарбазы қатардағы жауынгер Сұлтан Асаубаев жасады. Ол Орал қаласынан шақырылған еді.
Сарбаздар сайлауға алғаш рет қатысып отыр, өйткені олардың жасы 18-19-да.
Айта кетсек, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша барлығы 6 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Оған мерзімді қызметтің әскери қызметшілері ғана емес, офицерлер мен сержанттар да қатысады.
Осыдан екі күн бұрын Өскемен қаласының 5518 әскери бөліміне жаңадан жас сарбаздар келді. Оларға әскери бөлімнің аумағындағы сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысу құқығы берілді.