Сайлау • 20 Қараша, 2022

Маңғыстау мұнайшылары сайлауда дауыс берді

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Маңғыстау мұнайшылары Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында өз таңдауын жасады. Өндірістік цехтардың еңбек ұжымдары жұдырықтай жұмылып, ел болашағы үшін дауыс беру мақсатында сайлау учаскесіне асықты, деп жазады Egemen.kz.

Маңғыстау мұнайшылары сайлауда дауыс берді

Жұмыс тәртібіне сәйкес, таңғы сағат 6-да Қаражанбас кен орнында Түпқараған ауданына қарасты № 236 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Дәстүр бойынша алдымен Мемлекеттік Әнұран шырқалды. Бас директордың бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев бастаған компания басшылары мен өндірістік басқарма директоры Ғабит Сәдуақасов алғашқылардың бірі болып дауыс берді.

Мұнайшылар ел болашағын таңдаудағы үлесінің зор екенін түсініп, сайлауға ерекше ұмтылыспен қатысып жатыр. Жұмыс ауысымы алдында дауыс бергендердің бірі - мұнай дайындау және айдау цехының (МДАЦ) операторы - Әліби Жолдыбаев.

«Отанымыздың тағдыры үшін маңызды күнге атсалысу - азаматтық міндетім. Цехтағы әріптестермен бірге біз де өз дауысымызды бердік. Халықтың мүдделері бірінші орында тұрған қолайлы өзгерістерді күтеміз», деді ол.

Бақылаушылар сайлаушылардың дауыс беруге қарқынды қатысып жатқанын, ұйымдастыру деңгейінің жоғарылығын атап өтті. Жалпы сайлауда патриотизм мен бірлік рухы анық сезіледі. Айта кету керек, вахтааралық демалыста жүрген қаражанбастықтар мен орталық кеңсе қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша учаскелерде дауыс беруде.

у

цц