Өз таңдауын жасауға келген тұрғындар дауыс беріп шыққан соң интелектуалды ойынға қатысып, өз бақтарын сынады. Қойған сұраққа жауап беріп, тапқырлық танытқандар марапатталды.
Қызықты ойында жеңіске жеткен сайлаушының бірі Әлішер Жүнісбекұлы.
«Мен бүгін өз учаскеме келіп таңдауымды жасадым. Бұл әрбір азаматтың борышы деп санаймын. Сондай-ақ, дауыс беріп шығып, арнайы ұйымдастырылған ойынға қатысып, сауалдарға мүдірмей жауап бердім. Қаратал ауданына, елімізге байланысты өте қызықты сұрақтар болды. Нәтижесінде сыйлық алып, қуанып қайтып барам», деді жеңіске жеткен Әлішер.