Сайлау • 20 Қараша, 2022

Ғасыр жасаған кейуана таңдау жасады

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кезектен тыс өтіп жатқан Президент сайлауында жамбылдық 100 жасаған кейуана сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғасыр жасаған кейуана таңдау жасады

Ақбұлым ауылының тұрғыны Күлия Үсенова №465 сайлау учаскесіне арнайы келіп, таңдау жасаған.

«Әлбетте, көп адамдар секілді үйде отырып дауыс беруіме де болатын еді. Алайда еліміздің ертеңі үшін сайлау учаскесіне өз аяғыммен келгенді жөн деп таптым. Өйткені бұл сайлау еліміздің болашағын айқындайтын саяси науқан екені даусыз. Сондықтан да одан қалыс қалуға болмайды», деді ол өз ойын бөлісіп.