Аймақтар • 20 Қараша, 2022

Архимед Мұхамбетов сайлау учаскелерінде жұмыс істеп жүргендерге алғыс айтты

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы №21 сайлау учаскесінде дауыс берді. Әкім кезектен тыс Президент сайлауына өңір тұрғындарының белсенді қатысып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Архимед Мұхамбетов сайлау учаскелерінде жұмыс істеп жүргендерге алғыс айтты

– Бүгінгі күн еліміз үшін өте маңызды. Мемлекеттің болашағын қалыптастыратын үлкен саяси іс-шара өтуде. Таңертеңнен бері облыс бойынша 745 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Учаскелерде сайлау комиссияларының да, тәуелсіз бақылаушылардың да жұмысына қажетті барлық жағдай жасалған. Сайлау учаскелерінде жұмыс істеп жүргендердің барлығына алғысымды білдіремін, – деді аймақ басшысы.

ы

Айта кетейік, бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтуде. Бұған дейін хабарлағандай, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша 11 млн 950 мың 485 азамат дауыс беру бюлетеніне ие, оның ішінде 6 113 621 адам өз таңдауын жасаған, бұл тізімдегі барлық адамның 51,16 пайызын құрайды.