Аймақтар • 20 Қараша, 2022

Атырауда Қазақстанның Еңбек Ері Илья Жақанов дауыс берді

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда Қазақстанның Еңбек Ері Илья Жақанов Президент сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда Қазақстанның Еңбек Ері Илья Жақанов дауыс берді

Композитор, өнер зерттеушісі, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстанның Еңбек Ері Илья Жақанов Атырау қаласындағы №7 сайлау учаскесінде 2916 сайлаушымен бірге тіркелген. Аталған сайлау учаскесіне ұлттық киіммен келген Қазақстанның Еңбек Ері Илья Жақанов жұбайы Тыйыш Алтаевамен бірге дауыс берді.

«Тәуелсіздік тарихында өткен сайлаудың бәріне қатысып, өз таңдауымды жасап келемін. Ал, осы науқанда біз бүгінгі және ертеңгі болашақ өміріміздің дамуы мен жан-жақты өркендеуі, халқымыздың бақыты үшін барлығына аса жауапкершілікпен қызмет ететін кандидатқа дауыс беруді ұйғардық. Біздің қоғам – әділетті, қуатты және мызғымас бірлігі мен ынтымағы зор қоғам. Жаңа, әділетті Қазақстанның болашағы жарқын, сондай сәулелі, шуақты ел болуы үшін қария болсам да, сайлауда дауыс тұрмын», деді Илья Жақанов.