Пікір • 21 Қараша, 2022

Келешегімізге сенеміз

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел спортының, оның ішінде бокстың өркендеуіне 31 жылдан аса уақыт бойы еңбек сіңіріп жүрмін. Еңбек жолымды өзімнің туған жерім – Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында қарапайым бапкерлік қызметтен бастадым. Уақыт өте келе Қазақстанның жасөспірімдер мен жастар құрамасын жаттықтырдым. 2019 жылдан бері ұлттық құраманың бас бапкерімін.

Келешегімізге сенеміз

Спортта жүріп, шетелге көп сапарладық. Шынын айту керек, көп мемлекетке қарағанда еліміздің көші әлдеқайда ілгері. Қай салада болсын, отандастары­мыз орасан зор табысқа жетіп жүр. Соның арасында спорт та бар. Бұл әрине, қуантады. Алматыға жолым түсіп, президент сайлауына қа­тысу үшін Республикалық спорт колледжіне келіп, осы жер­де орналасқан №271 сайлау учаскесінде дауыс бердім.

Көптеген этнос өкілдері тұрып жатқан кең-бай­тақ Қазақстанға ең керегі – тұрақтылық пен бейбіт­ші­лік, экономикалық тұрғы­да өсу, халықтың әл-ауқаты­ның артуы, алыс-жақын шет мемлекеттермен жақсы қарым-қатынас құру. Осы­ның барлығы да тікелей пре­зи­дентке байланысты. Өзінің бір сөзінде халық жазушысы Шерхан Мұртаза «Президент – біреу, халық оған тіреу болуы керек» деп айтқан еді. Мен бұл пікірмен толық келісемін. Жаңадан сайланған президентке сіз болып, біз болып, халық болып, барынша қолдау көрсетуіміз керек. Тек сонда ғана еліміз өркендеп, әлемдік қауымдастық алдында Қазақстанның беделі мен мәртебесі артады.

 

Қайрат СӘТЖАНОВ,

бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері