Қоғам • 21 Қараша, 2022

Елімізде Республикалық маңызы бар күре жолдар ашық

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі сәтте Республикалық маңызы бар жолдар ашық тұр, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Елімізде Республикалық маңызы бар күре жолдар ашық

«Өткен демалыс күндері республикалық маңызы бар автожолдарды өңдеу барысында жолшылар 1000 м3 көктайғаққа қарсы материал жұмсады. Бүгін республикалық тасжолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруға 312 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Олардың қатарында автогрейдерлер, шнекороторлар, қар тазалайтын жабдықтармен қамтылған тиегіштер, тракторлар және т.б. бар. Сондай-ақ, аталмыш жұмыстарға 450 жолшы-маман тартылды», делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, демалыс күндері ҚазАвтоЖолдың бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығының (1403 қысқа нөмірі арқылы хабарласуға болады) қызметкерлері республикалық автожол пайдаланушыларынан келіп түскен 1500-ден астам қоңырау қабылдады.

Қысқы күтіп-ұстау жұмыстары штаттық режимде жалғасуда. Республикалық маңыздағы тасжолдар ашық.