Тағайындау • 21 Қараша, 2022

Қазақстан шахмат федерациясының жаңа басшысы тағайындалды

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гүлмира Дәулетова Қазақстан шахмат федерациясының жаңа атқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан шахмат федерациясының жаңа басшысы тағайындалды

Гүлмира Дәулетова әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер атағы бар, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының қола жүлдегері. Оның жетістіктерінің қоржынында Азия чемпионатындағы алтын медаль бар.

Осы жылдар ішінде Қазақстан шахмат федерациясында турнир директоры және атқарушы директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

Гүлмира спорттық мансабында шахматты дамыту саласында көптеген мемлекеттік және халықаралық ФИДЕ (Халықаралық шахмат федерациясы) марапаттарымен марапатталған, Азия шахмат федерациясының әйелдер комиссиясының төрағасы.

Гүлмира бүгінде мектепте оқитын 2-4 сыныптарға арналған «Шахмат» әдістемелік құралдың авторы, мұғалімдер мен балаларды оқытуға арналған онлайн платформа курсының әзірлеушісі.

Сонымен қатар Әл-Фараби университетінде «халықаралық қатынастар» мамандығының магистрі.