Президент • 21 Қараша, 2022

Президент Қарағанды экономикасын дамытуды тапсырды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңір дамуының негізгі көрсеткіштері жайлы есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қарағанды экономикасын дамытуды тапсырды

Президентке аймақтың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және инвестиция тарту салалары қарқынды дамып келе жатқаны туралы баяндалды.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биылғы 10 ай ішінде өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 3,1 триллион теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көрсеткіші 6,3 пайызға артты. Осылайша, облыс экономикасына 522,2 миллиард теңге инвестиция тартылды (8,5 пайызға көбейген), оның басым бөлігі (92 %) жеке инвестицияға тиесілі.

Айта кетсек, 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында өңірде 414,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,7 пайызға көп.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Қарағанды облысының автомобиль жолдарын дамыту, халықты сумен қамтамасыз ету жөнінде мәлімет берілді. Жеңіс Қасымбек «АрселорМиттал Теміртау» компаниясындағы жағдай туралы да баяндады.

Президент әкімге өңір экономикасын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.

Соңғы жаңалықтар

Ел ырысын еселеген еңбек ұжымы

Өндіріс • Бүгін, 08:55

Қой қоздап, қорада шу...

Еңбек • Бүгін, 08:45

Күн қуаты

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Сегіз медаль жеңіп алды

Спорт • Бүгін, 08:35

Озат оқушылар олжалы оралды

Байқау • Бүгін, 08:30