Әлем • 21 Қараша, 2022

Қытай мен Қырғызстанда жер сілкінді

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 21 қарашада Алматы уақыты бойынша 18 сағат 30 минутта және 19 сағат 34 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай мен Қырғызстанда жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Қытайдың Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 290 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.3. MPV магнитудасы - 4,1. Эпицентр координаттары 40,63° солтүстік 77,52° шығыс, тереңдігі - 10 км.

 

Тағы бір жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 525 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.5. MPV магнитудасы - 4,3. Эпицентр координаттары 39,49° солтүстік 73,03° шығыс, тереңдігі - 10 км.

Жер сілкінісінің сезілгені жайлы мәлімет тіркелген жоқ.