Пікір • 22 Қараша, 2022

Халықаралық заңнамаға сай

223 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сайлау күнінде Түркі мемлекеттері ұйымының миссиясы Астанадағы сайлау учаскесінің ашылуында болды. Бюллетеньдер мен нәтижелерін өңдеу сайлау туралы ұлттық заңнамаға сай өтті. Біздің миссия өкілдері жалпы 16 сайлау учаскесіне барды. Ешқандай заңсыздық немесе әкімшілік және құқық қорғау органдарының сайлау учаскелерінің қызметіне килігуін байқаған жоқ.

Халықаралық заңнамаға сай

Сайлау күнінде адамдардың өз еркін білдіруіне қажетті бүкіл әкімшілік шаралар қабылданды. Сайлау туралы заңға сәйкес, ұлттық және халықаралық байқаушылардың сайлауды бейтарап бақылауына жағдай жасалды. Миссия ұлттық және халықаралық ұйымдардың қатысқанын және сайлаудың легитимділігін, ашықтығын қолдайтынын көрді. Сондай-ақ миссия Астанадағы №111 сайлау учаскесінде дауыс санау процесіне қатысты. Бюллетеньдерді санау, қорытындысын жариялау уақтылы, сайлау туралы ұлттық заңнамаға сәйкес өтті.

Миссия сайлау учаскелерінің ішінде немесе сыртында үгіт-насихат материалдарын көрген жоқ. Сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдарға жағдай жасалғанын көрдік. Миссия дауыс берушілерге сырттан әсер етуге бағытталған ешқандай талпыныстар көрген жоқ. Бүкіл дауыс берушілер сайлау учаскелеріне еркін кіре алды және ресми тұлғалар толыққанды мәлімет беріп тұрды. Дауыс берушілердің қатысу көрсеткіші жоғары болды.

Сондай-ақ сайлау процесінен ел бойынша БАҚ-та ақпарат берілуі де сайлаудың легитимділігі мен ашық­тығының маңызды элементі болып есептеледі. Түркі мемлекеттер ұйымы миссиясының халықаралық байқауы Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес, халық­аралық стандарттарға сай, ашық және бәсекелі болғанын растайды. Мис­сия өз бағалауы мен ұсынымдарын халық­аралық ұйымдармен бөліседі.

 

Өмер КОДЖАМАН,

Түркі мемлекеттері ұйымы бас хатшысының орынбасары