Қазақстан • 23 Қараша, 2022

Өлшемі алуан өмір сапасы

357 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан стандарттау және метрология институты «Казстандарт» Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары әкімдіктерінің және ESG Ұлттық клубының өкілдерімен кеңес өткізді. Кеңес барысында ISO 37120 «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар. Қалада көрсетілетін қызметтер мен өмір сүру сапасының көрсеткіштері» деп аталатын сериялы стандарттар арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мүмкіндіктері талқыланды.

Өлшемі алуан өмір сапасы

Стандарт адамның өмір сүру сапасына әсер ететін 120-дан астам көрсеткішті, соның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, спорт және мәдениет, телекоммуникация, көлік, қала құрылысы, су және т.б. бойынша көрсеткіштерді қамтиды.

Өмір сүру сапасы стандарттарын енгізу уақыт өте келе халықтың өзгеріп отыратын қажеттіліктерін қадағалауға, аса маңызды әлеуметтік проблемаларды айқындауға, оларды шешуге қатысуға, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді арттыру бойынша мақсатқа сай бағыттал­ған іс-қимылдарды жүзеге асыруға, басым бағыттарды ажырата білуге және ақша қаражатын мақсатқа сай бөлуге, сондай-ақ олардың пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік береді.

«Бүгінгі таңда әрбір тұрғын қауіпсіз және жаңа дайындалған тамақ өнімде­рін алуға, өздеріне сапалы қызметтер көр­сетілуіне мүдделі. Бұл көрсеткіштердің бар­лығы стандарттарда бар. Ең бастысы, қазір бірлескен күш-жігермен Қазақ­станның барлық өңірлерінде осы стандарттарды енгізуді қамтамасыз ету», деп атап өтті КазСтандарттың бас директоры Ғ.Мұхамбетов.

ESG Ұлттық клубының өкілдері ISO 37 120 бойынша өмір сүру сапасының көрсеткіштерін есептеу кезіндегі өзгеше­ліктер мен қиындықтар туралы, осы жұмысқа қатысуға дайын екендіктері туралы өз ойларын білдірді.

Кеңес қорытындысы бойынша Алматы облысында, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлы­тау облыстарында осы облыстар әкімдіктері­нің, ESG Ұлттық клубының өкілдерінен ISO 37 120 енгізу бойынша жұмыс топтарын құру туралы шешім қабылданды, олар аталған облыстардың хал­қының өмір сүру сапасының нақты жай-күйі бойынша есептеу жүргізеді және оларды жақсарту жөнінде ұсынымдар әзірлейді.

Еске сала кетсек, Мем­ле­кет басшысы 2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Респуб­ликасы Парламенті Мәжілі­сі­нің отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстан халқының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын қамтамасыз ету мінде­тін қойған болатын. Қойыл­ған міндетке қол жеткізу мақ­сатында Қазақстан Респуб­ли­касы Үкіметінің 2022 жыл­ға арнал­ған іс-қимыл бағ­дарламасы (Қазақстан Рес­пуб­ликасы Үкіметінің 2022 жылдың 25 сәуіріндегі № 241 қаулысы), сондай-ақ оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды. Осы жос­парда «Экономика­дағы тех­никалық реттеудің рөлі мен функ­ция­ларын күшейту ар­қылы тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын, сондай-ақ халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін арттыру» деп аталатын 33-тармағы қамтылған.