Саясат • 23 Қараша, 2022

Тапсырманың орындалуы пысықталды

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру жөнінде кеңес өткізді.

Тапсырманың орындалуы пысықталды

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыр­күйектегі Қазақстан халқына Жо­л­дауында Үкіметтің кей­бір құзыретін әкімдіктер мен ми­нистрліктерге беруді тапсырды.

Кеңес барысында әкім­шілік реформа Үкіметті ар­тық функциялардан айтар­лықтай босатып, орталық мем­лекеттік орган­дарға маңыз­ды шешімдер қа­былдауда икемділік, жеделдік пен тәуелсіздік беретіні, сон­дай-ақ жергілікті атқарушы ор­ган­дардың өкілеттіктерін кеңей­те­тіні айтылды.

Қазіргі таңда 2022-2023 жыл­дарға арналған Жол картасының жобасы әзір­лен­ді, оған сәйкес қажетті заң­­ның жобасы Мә­жіліске ұсы­­ныл­мақ.