Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «ЕQ»
Биыл біз тығыз серіктестігіміздің 30 жылдығын атап өттік. Өткір жаһандық сын-қатерлер кезінде серіктестігімізді одан әрі нығайтып, сол сын-қатерлермен бірге күресіп, халқымыздың мүмкіндіктерін жақсартуға асығамыз.
Біз ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының (ДИАҚБ) сайлауды бақылау миссиясының алдын ала қорытындыларын ескереміз. Биыл Конституциялық референдумда және басқа да заңдарда қабылданған реформалар ашық саяси пікірталас пен саяси бәсекелестіктің жаңа мәдениетін дамытуға арналған.
ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер ретінде Ұлыбритания да, Қазақстан да адам құқықтары мен демократиялық институттарды құрметтемей тұрақты қауіпсіздікке қол жеткізу мүмкін емес деген қағидаға қосылған. Біз ДИАҚБ-ның алдын ала және қорытынды баяндамаларындағы ұсыныстар Қазақстанды, оның үкіметі мен халқы егемендік пен тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін 30 жыл өткен соң реформаның келесі маңызды кезеңін жүзеге асырып жатқанда одан әрі қолдайтынына сенеміз.
Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі