Қоғам • 23 Қараша, 2022

Қарағанды облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаменті Қарағанды ​​және Теміртау қалаласы аумағында қаржы пирамидасын құру фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды

2020 жылы азаматша Г.С. Нарымбетова жалған ақпарат беру арқылы азаматтардан ақшалай қаражат алған.

«Ол қаржы схемасын құрып, онда тартылған ақша қаражаты бойынша кіріс оларды пайдалы активтерге салу есебінен емес, жаңа инвесторлардан 200 000 теңгеден 25 000 000 теңгеге дейінгі сомадағы ақшалай қаражатты тарту есебінен салым сомасының 10% - дан 40% - на дейінгі мөлшерде төленетінін айтқан. Қылмыстық әрекеттен анықталған залал 222 млн теңгеден асты, оның 131 млн теңгесі сотталушының өз еркімен өтелді», деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Сот үкімімен Гүлзат Серікқызы Нарымбетова 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Бұған дейін Қарағандыда қаржы пирамидасын құрған тағы бір әйелдің сотталғаны хабарланған болатын. Азамат Яковлева И.В. 2015 жылдың наурызынан 2020 жылдың сәуіріне дейін Қарағанды ​​және Павлодар облыстарында «Лидер Капитал 168 микроқаржы ұйымы» ЖШС филиалдарын ашып, сол қаржы пирамидасын басқарған.

Сот үкімімен Яковлева Ирина Викторовна кінәлі деп танылып, оған қаржы ұйымының, банктік және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару құқығынан, 7 жыл мерзiмге қаржылық ұйымның қатысушысы құқығынан  айыра отырып, 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.