«Шахтадағы апат D6 арнайы ағызу қабатын ашу кезінде бұрын бұрғыланған дренаждық ұңғымалардан газ бен көмір шаңының көбеюіне байланысты кенеттен болған газ-динамикалық құбылыс салдарынан орын алды. Негізгі себеп - шаңмен бірге метанның көп бөлінуі және тұтануға әкелген нәтиже бұрғылау қондырғысындағы №79 пикет аймағында бұрғылау штангасының металл бекіткіштердің элементтеріне үйкелу кезінде ұшқынның пайда болуы болд», деді министр.
Юрий Ильин бірқатар заңбұзушылық анықталғанын, соның ішінде жұмыстың қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылғанын, инженерлік-техникалық персонал тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығынан болғанын атап өтті.
Ленин атындағы шахтадағы апатқа кінәлі 26 шенеунік, оның ішінде басшылық қызметте жүрген екі шетелдік азамат анықталды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 3 қараша күні сағат 03:00-де «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты Ленин атындағы шахтада апат болды. Апат кезінде жер астында 106 адам болған. 101 адам эвакуацияланды, бес адам қаза тапты, төрт адам жарақат алды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі «Тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің директоры Арман Қалықов Ленин атындағы шахтадағы апаттың себебін атады. Оның айтуынша, газ дренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде метанның кенеттен бөлінуі орын алған.