Іс-шараны «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңесінің басшысы Қуаныш Серікжанов ашып берді. Ол өз сөзінде баланы адалдыққа тәрбиелеу адал еңбекке, әдептілікке үйретуден басталатынын айта келе, адалдықты бойына дарытқан адам оны қасиетім деп санап, өзіне де, ортасына да нұқсан келетін еш нәрсе істемейтінін атап көрсетті. Жастарға тәрбие – қоғам мен жеке тұлғаның арақатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе екеніне назар аударды.
Көне түркілік жәдігерлерден бастау алып, жыраулар жыры арқылы көркемдік биікке көтерілген байырғы поэзиямыз тудырған рухты жырлардан нәр алған әдебиеттің жаңа буыны, кітапханамыздың оқырмандары Дина Амангелдина мен Нұрсерік Құдабай аталған іс-шараға жырдан шашу шашса, облыстық Тахауи Ахтанов атындағы драмалық театрдың әртістері Мейрам Хабиболланың жетекшілігімен Айымнұр Сәндібайқызы, Фатима Бердібекова, Әділет Аманжоловтың бейнелеуінде «Ханшайым» иммерсивті спектаклін ұсынып, іс-шараның әсерлі өтуіне өз үлестерін қосты.
Ел ертеңі – жастарға арналған құқықтық және азаматтық тәрбие турасындағы іс-шараны кітапхана директоры Сұлушаш Хакимова қорытындылап, қатысушыларға алғысын білдірді.
Гүлзада БЕЙСОВА,
С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қызметкері
АҚТӨБЕ